Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі

Білімді, Білікті, Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаймыз

Білім алу бізден басталады

Қазіргі заманда қоғамның дамуы мен елдің өркендеуінің басты кепілі – сапалы білім. Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың негізі. Осы тұрғыдан алғанда, біздің колледж – кәсіби білім мен тәжірибені ұштастыратын маңызды оқу орындарының бірі.
Колледж қабырғасы – студенттердің тек мамандық иесі болып қана қоймай, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін орта. Мұнда студент тек теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибелік машықтарын дамытады, жауапкершілікті сезінеді және болашаққа нақты мақсат қояды. Өйткені білімді ізденіп, меңгеру ең алдымен студенттің өзіне байланысты. Оқытушылар бағыт-бағдар береді, қолдау көрсетеді, бірақ нағыз табысқа жету үшін студенттің еңбекқорлығы, талпынысы және табандылығы қажет.

Колледждегі әрбір дәріс, өндірістік тәжірибе, ғылыми жоба немесе қоғамдық іс-шара – студенттің болашағына қосылған үлес. Бұл білім мен дағды болашақта кәсіби маман болып қалыптасуға, ел игілігі үшін қызмет етуге жол ашады.
Білім алу жолындағы әрбір қадамдарыңыз – болашақтағы жетістіктеріңіздің кілті. Бүгінгі таңда өздеріңізге салған еңбектеріңіз ертең үлкен жемісін береді. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, әр мүмкіндікті білімге, тәжірибеге айналдыру – сіздердің басты міндеттеріңіз.
Колледж – үлкен өмірге бастар қадам, ал білім алу – бізден басталады!

Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің көрсеткіштері
Ағымдағы студенттер
0 K+
Педагогтар саны
0 +
Жастар клубтары
0 +

Мамандықтарға шолу

Мамандыққа қызығу – тек сабаққа қатысумен шектелмейді. Ол:
• өндірістік тәжірибеден үйрену, шеберлік сабақтарына қатысу,
• ғылыми жобаларға атсалысу, өз мамандығына қатысты жаңалықтарды үнемі қадағалау арқылы қалыптасады.
Құрметті студенттер! Колледж – тек диплом алатын орын емес, ол – өз қабілетіңізді ашатын, болашағыңызды айқындайтын орта. Әрбір сабақты, тәжірибені, үйірмені – өз мамандығыңызға жақындаудың бір мүмкіндігі деп қабылдаңыздар.
Есіңізде болсын:
• Мамандыққа қызығушылық – табысты еңбек жолының бастауы.
• Мамандыққа деген сүйіспеншілік – кәсіби шеберліктің негізі.
Ал мамандыққа қызығу – жарқын болашақтың кепілі!

Detailed view of a sewing machine stitching fabric with visible hands, nails painted black.

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

3W07230101 – Тігінші 3W07230102 - Арнайы тігінші 3W07230105 - Модельер-пішуші 4S07230107 - Техник-технолог

ткачиха

Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)

3W07230402 - Тоқыма машинасының операторы

designer odegdi 1200x0 105

Киім дизайны

Киім дизайнері

Скриншот 2025 08 23 153317

Аяқ киім ісі

Аяқ киім жөндеуші

school template activities img.jpg

Үйірмелер

Спорт клубтары

Воллейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисін үйретіп, жарыстарда жүлдері орындарды иелендік

Қолданбалы өнер және музыка

Ұйымдағы кәсіби мамандармен біз студенттерімізді би, ән салу, кескіндеме және т.б. өнер түрлеріне үйретуді мақтан тұтамыз.

Scroll to Top