Біздің жетістіктеріміз

france certificate

 

Париж академиясынан алынған Салалық аккредитация. 2024-2027 жылдарға

Академиялық жетістіктер:

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді іске асырудың мақсатында ТжКБ беделін арттыру үшін колледж жыл сайын «WorldSkillsKazakhstan»өңірлік және Ұлттық чемпионаттарына қатысады

1.»WorldSkills Kazakhstan-2016″ Аймақтық чемпионатына 3 курс білім алушылары Мурзахметова Юлдуз және Алимкулова Бахыт 1 және 2 жүлделі орындарға ие болды.

2.Астана қаласында өткен «WorldSkillsKazakhstan-2016» Ұлттық чемпионатында Мурзахметова Юлдуз «Киім дизайны» құзыреттілігі бойынша 1 орын алды.

3.Краснодар қаласында өткен «WorldSkills Russia – 2017» халықаралық чемпионатында Мурзахметова Юлдуз 3 орынға ие болды.

4.Аймақтық «WorldSkillsKazakhstan-2017» чемпионатында 2 курс студенті Арал Аида 1 орынға ие болды.

  1. «WorldSkillsKazakhstan-2018» аймақтық чемпионатында 3 курс білім алушысы Эшматова Мадина 1 орынға ие болды.
  2. Минск қаласында өткен «сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «World Skills Belarus 2018» ІІІ республикалық кәсіби шеберлік байқауы, 3 курс студенті Эшматова Мадина қатысушы Дипломымен марапатталды.
  3. Колледж түлегі Юлдуз Мурзахметова Будапешт қаласында өткен Euro Skills Budapest 2018 чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғап,10 орынға ие болды.
  4. 2018 жылдың 11-17 қараша аралығында ерекше білімді қажет ететін топ студенттері (2 топ мүгедектері) арасында өткізілген әлемнің 56 елінен келген Ресей Федерациясы,Ижевск қаласында өткен ІІ Халықаралық Парадельфий ойындарында «Костюм дизайны» номинациясы бойынша 3 курс студенті Ерімбетов Мерей 2 орын, «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 3 курс студенті Шаповалов Дмитрий 3 орын алды.

9.»World Skills Shymkent-2019″ қалалық чемпионатында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 3 курс студенті Құттыбай Арай І орын алды.

10.Нұр-сұлтан қаласында өткен «World Skills Kazakhstan-2019» ұлттық чемпионатында Құттыбай Арай «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 2-орын алды.

11.Нұр-сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan» чемпионаты аясында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Abilimpics мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған жұмысшы мамандықтарының Ұлттық чемпионатында колледждің 3 курс студенті Өзбекбаев Абылайхан қатысып, жүлделі- І орынды иеленді.

  1. «ASPARA FASHION WЕЕК» Халықаралық сән фестивалі аясында 3 курс студенті Бекмурза Мариям қатысып,  жұлделі 1-орынды иеленді.

13.»Республикалық  «Колледж Аруы-2021» конкурсының 3 курс студенті Бекмурза Мариям «Батыл Ару»дипломының номинанты.

14.»WorldSkills Kazakhstan-2021″ ұлттық чемпионаты аясында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша  3 курс студенті Бекмурза Мариям ІІ орынға ие болды.

  1. 3 курс студенті Бекмурза Мариям «Азияның ең әдемі 20 тұлғасы» халықаралық байқау тізімінің дебютанты.

Студенттердің жетістіктері

2019 жылы  ерекше  білімді қажет ететін 2 курс студенті Сакбай Төребек жеңіл атлетикадан жұлделі 1-орынды иеленді.

2020 жылы грек — рим күресінен 2005-2007, 2008-210 жылдары туған жасөспірімдер арасында нашар еститін және естімейтін (инклюзия) балалар арасында, ерекше  білімді қажет ететін 2 курс студенті Құлмаханбет Азамат 2-орынды иеленді.

2020 жылы ерекше білімді қажет ететін топтың 2 курс студенті Серік Қымбат жеңіл атлетикадан республикалық чемпионатқа қатысып 1-орынға ие болды.

2021 жылы үстел теннисінен колледж командасы қалалық спартакиадада 2-орынды иеленді.

2022 жылы Колледждің ұлттық лигасы- үстел теннисінен қыздар командасы  жүлделі — 2-орынды, ұлдар командасы 2-орынды иеленді.

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab
whatsapp image 2026 04 14 at 10.24.52 (1)
whatsapp image 2026 04 14 at 10.24.52
whatsapp image 2026 04 14 at 10.24.53

Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасы, “Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі” ШЖҚ МКК Қытай Халық Республикасының Вэньчжоу қаласындағы Вэньчжоу техникалық колледжімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасындағы Вэньчжоу техникалық колледжінде WorldSkills форматында тәжірибелік дайындық өтуде. Оған Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің халықаралық сарапшысы Бекманова Меруерт Гаухарқызы мен қатысушы Қанан Ғазиза қатысып, Шанхай қаласында өтетін WorldSkills Championship әлемдік чемпионатына дайындалуда.

🤝 Бұл серіктестік кәсіби білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, халықаралық байланысты нығайтуға және жас мамандардың біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік береді.

5222154399549954546
5222154399549954545
Scroll to Top