Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Шымкент қаласы Білім басқармасы

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК

 

Тоқу өндірісі

Мамандық атауы:  07230400 — Тоқу өндірісі

Біліктілігі  3W07230402 – Тоқыма машинасының операторы

  • Оқу мерзімі:9 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
  • 11 сыныптан соң 10 ай

Тоқыма машинасының операторы – бұл кілем, матаны машинамен және қолмен тоқитын, жүн, кендір және жібек өнеркәсібі мен мақта иіру зауыттарында жұмыс істейтін білікті маман. 

Тоқыма машинасы операторы мамандығын бітірген түлектер төмендегідей фабрикаларда жұмыс жасай алады: 

  ✔ Кілем фабрикасында 

  ✔ Мата тоқу фабрикасында 

  ✔ Иіру фабрикаларында

Тоқыма машинасының операторы істей алуы тиіс:

— Тоқу станогының құрылысын білу;

— Өндіріс процесін басқару және тоқу станогының жұмысын бақылау;

— Тоқыма жіптерінің түрлерін ажырата білу;

— Жіптердің сапасын тексеру;

— Жөндеу бригадаларын шақыру және ақауларды дер кезінде анықтау;

— Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау.

                   «Тоқу өндірісі» мамандығына түсу үшін «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» базасындағы мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Scroll to Top