Талапкерлердің қабылдау туралы өтінішке қоса беретін құжаттары:
Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы: Аттестат (куәлік)
3×4 см көлеміндегі 6 дана фотосурет;
075-У нысанындағы медициналық анықтама және қоса берілген флюросуреті, ( І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық- әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар үшін.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Етелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын – босқын куәлігі;
пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
оралман – оралман куәлігі.