” Жеңіл өнеркәсіп және
сервис”
колледжі МККК Шымкент білім беру
басқармасы
2020-2021 оқу жылына
оқуға қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы «19» қаңтар № 130
қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Үлгі қағидаларына» сәйкес
құрастырылған
Шымкент, 2021ж.
1. Жалпы
ережелер
1. Осы Техникалық және
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ” Жеңіл өнеркәсіп және сервис” колледжі
мекемесіне (бұдан әрі – Колледж) оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім
туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), ҚР
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» қаулысына, Мемлекеттік қызмет
«Білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы
органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14
сәуірдегі № 200 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес оқуға
қабылдаудың тәртібін белгілейді.
2. Колледждің күндізгі бөлімінің
бюджет және ақалы білім алуына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық
және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары)
білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар
қабылданады.
2020-2021 оқу
жылының біліктілігі белгіленген мамандық атауы мен оқу мерзімі осы қағиданың 1 қосымшасында
көрсетілген.
2020-2021 оқу
жылына бюджет бөліміне (студенттерге мемлекеттік стипендия төлеу арқылы тегін оқу)қабылдау жоспары осы
қағиданың 2 қосымшасында көрсетілген.
2020-2021 оқу
жылына күндізгі ақылы бөліміне қабылдау бойынша бір оқу жылының төлем ақысы қағиданың
3 қосымшасында көрсетілген.
Ескерту.
2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.05.2016 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға
түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота
көзделеді.
Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде
қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота
көзделген :
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен
мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан
азаматтар үшін – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2
пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1
пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған
өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.
4. Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын қағиданың 9-
тамағына сәйкес білім беру ұйымдары белгілейді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдау тәртібі.
Құжаттарды қабылдауды және түсу
емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
5. Білім
беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар
құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын
қабылдау комиссиясын құрады (№136-п бұйрығы,22 мамыр 2017ж),ол 01 маусымнан 2017ж 31 тамыз 2017ж дейін
қызмет етеді.
Қабылдау
комиссиясының құрамына Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес комиссия төрағасы, жауапты хатшы, комиссия
мүшелері және техникалық хатшылар (дауыс беру құқығысыз) кіреді.
6. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны
бойынша 2017ж 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының
www.5college.kz интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
Білім беру
ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру
мәселелері Алматы қаласы Білім басқармасының келісімі бойынша шешіледі.
7. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз
аралығында;
2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша
кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 20
маусым мен 20 тамыз аралығында.
8.
Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың
түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы
мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3×4
көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары
немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және
азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты
ұсынады:
1) шетелдік –
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3)босқын – босқынның куәлігі;
4)пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5)оралман – оралман куәлігі.
Оқуға
түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша
тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді
тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған
(ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады
және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
9. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс
тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша
пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар
тұлғалар үшін тестілеу бойынша өткізіледі;
4)
мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар
тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар
даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға
түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Білім
беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде
өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық
бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесіне сәйкес айқындалады. (Қосымша 5)
10. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім
беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1
тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі
(аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз
аралығында өткізіледі.
Түсу
емтихандарын өткізу кезінде:
Тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу
тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1
баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут
беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;тестілеу нәтижелері өткізілген күні
хабарланады;
11. Бірыңғай талаптардың
сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі
даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия
құрылады(№149-п бұйрығы,30 мамыр 2017ж).
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Тестілеу
немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері
хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік
ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық
комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған
жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия
мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
12. Тестілеуді немесе
пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Білім алушылар құрамына
қабылдау
13. Білім беру ұйымдарына білім
алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының
нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары
жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар)
негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу
сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы
ескеріледі.
Білім алушылар
құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы
білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан
кем;
Конкурстың шарттары
білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге
тиіс.
2020 ж 25
тамызынан бастап 30 тамызға дейін күндізгі оқыту орта буын мамандар даярлауды көздейтін
техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың қабылдау
жүргізіледі
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық
және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі
орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу
нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу
шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
14. Білім беру ұйымдарына
қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда
жүргізеді.
Қосымша № 1
Колледжге оқуға
қабылдау
қағидаларына
” Жеңіл өнеркәсіп және
сервис”
(колледждің атауы)
Шымкент қаласы білім беру
басқармасы
2020 -2021 оқу жылына қабылдау
бойынша
мамандықтардың біліктілігі
және
оқу мерзімі көрсетілген
тізімі
№ р/с | Код және мамандықтың атауы | Код және
біліктіліктің атауы | Оқыту
мерзімі |
Негізгі орта білім беру
базасында (9-дан
кейін) | Жалпы орта білім беру
базасында (11-ден
кейін) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 1211000 – “Тігін өндірісі және киімдерді
үлгілеу” | 1211032 – «Тігінші» 1211062 – «Арнайы
тігінші» 1211072 –
«Модельер-пішуші» 1211093 –
«Техник-технолог» | 2 жыл 10 ай 3 жыл 6 ай | 10 ай – |
2 | 1209000 Тоқу өндірісі (түрлері
бойынша) | 1209012 «Тоқушы» | 2 жыл 10 ай | – |
|
Қосымша №4
Колледжге оқуға
қабылдау
Қағидаларына
Оқуға құжаттармен өтініштерді қабылдайтын
техникалық хатшылардың тізімі
” Жеңіл өнеркәсіп және сервис” колледжі
МККК
Шымкент қаласы білім
беру басқармасы
№ р/р | Техникалық хатшының
Т.А.Ж | Қабылдау комиссиясында жұмыс
мерзімі |
1 | Тагаева Гульмира Жапбаровна | 2020 ж маусым,шілде
айлары |
2 | Тажибаева Айжан Даулетовна | 2020 ж шілде айы |
3 | Ермекбаева Акжүніс Жундібаевна | 2020 ж шілде,тамыз
айлары |
4 | Жанысбаева Маржан | 2020 ж маусым,шілде,тамыз
айлары |
5 | Альсеитова Айгуль Джапбаровна | 2020 ж маусым,шілде,тамыз
айлары |
6 | Токеева Лаура Рысбаевна | 2020 ж маусым,тамыз
айлары |