Қазақстандық колледж студенттері WorldSkills – 2024 жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді
⚡️ Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.
Әйгерім Досова — Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі — «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша жарысқа түскен болатын. Әйгерімді үлкен жеңісімен құттықтаймыз!
👏🏻 Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін әлемдік аренадағы жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!
🌐 WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

